ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ Ақтөбедегі мешітте болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Мүфтият қызға орынсыз сөз айтқан азаматтың әрекетін айыптайды. ҚМДБ мешітке барған әрбір адам өзін әдеппен, ізетпен ұстауға міндетті екенін еске салды. «Ислам шариғатында өзгеге тіл тигізу, орынсыз сөз айту, әсіресе әйел затына қолайсыз пікір білдіру – мұсылман әдебіне сай келмейтін және айыпталатын іс-әрекет», – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде. Ақтөбедегі «Нұр ғасыр» мешітінде ер адам қыздың жолын бөгеп, әдепсіз астары бар сөз айтқан. Кейіннен ол 5 тәулікке қамауға алынды.