Медициналық мекемеде қайтыс болған әйелдің өлімі тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін науқастың жеке мәліметтері мен ауру тарихы жарияланбайды. Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты науқастың қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желіде елордада медициналық мекемелердің бірінде 33 жастағы әйелдің дәрі салғаннан кейін анафилактикалық шоктан қайтыс болғаны туралы хабар тарады. Келіншек жоспарлы квота бойынша жергілікті емханаға “ревматоидты артрит” диагнозымен жатқызылған. “Институт ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Осы жағдай бойынша уәкілетті органдар комиссия тағайындады. Сот сараптамасы жүргізілді.”, – деді орталықтың баспасөз хатшысы Дана Уанбаева.