Мектептерде жұмысшы мамандықтарына дайындық бойынша бейіндік сыныптар пайда болады. Ол үшін кәсіпорындар мен колледждермен ынтымақтастық жасалады. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі. Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев осылай деп мәлімдеді. “Үкімет жанынан жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданды. Барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілді”, – деді министр.