Мемқызметшілердің шетел банктерінде есепшот ашуына шектеу қойылады. Келер жылдан бастап депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде қолма қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жаңа шектеулер енгізіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік құрылымдардың қаржыға қатысты мәліметтері бүкіл қоғамға қолжетімді болу үшін бірыңғай ақпараттық ресурс жасау аса маңызды екенін айтты.