“Жалпы кез келген сайлауда қоғамның саяси кемелдігі сыналады. Қоғамда пікірталас қызу жүреді. Сын – азаматтық қоғамның ажырамас бөлшегі және аталған ұғым Қазақстанға да тән. Бұл – менің берік ұстанымым. Қоғамды трансформациялау және жаңғырту жөнінде қабылдаған шараларымыз халықтың мұң-мұқтажын шешуге бағытталған. Реформалар одан әрі жалғасады”, – деді мемлекет басшысы.