Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысының әкімі боп Нұралхан Көшеров тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Түркістан облысының әкімі боп Нұралхан Көшеров тағайындалды. Нұралхан Оралбайұлы еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымда жұмыс істеді. 2021 жылдың 30 қыркүйегінен бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.