Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа көлік министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен жаңа көлік министрі тағайындалды. Бұл қызметке «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Нұрлан Сауранбаев келді. Бұрын бұл қызметті Марат Қарабаев атқарған. 8 маусымда президент оны қызметінен босатқан болатын. Содан бері бұл лауазым бос тұрды.