Мемлекеттік қайраткер, экономист Ораз Жандосов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі болып, тағайындалды

Бұл туралы Мусин өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Министрдің сөзінше, кейде маңызды шешім қабылдау үшін тәжірибелі кісілердің кеңесі қажет боп жатады. “Маған кез келген сәтте консультация беретін аса тәжірибелі, өзім арқа сүйейтін кісілердің бірі Ораз Әлиұлы Жандосов. Онымен Қазпоштада жұмыс істегенде танысқан болатынмын. Ол кезде тәуелсіз директор болатын және Директорлар кеңесінің төрайымы Елена Леонидовна Бахмутовамен бірге маған тәжірибелік тұрғыда көп қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген еді.