Мемлекеттік сатып алудың мерзімі қысқарды. Енді конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең ұзақ дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады. Бұл жайлы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл хабарлады. Конкурс тәсілімен өтетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өтетін конкурс 5 күнге дейін азайды. Бұрын бұл процесс 29 күнге созылатын еді. Бұдан бөлек, жеңімпаздарды анықтауда жергілікті компанияларға басымдық беріледі.