Мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT-ді қолдануға тыйым салынды ма – министрлік жауабы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі кейбір БАҚ-тағы мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT қолдануға тыйым салынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 2024 жылы жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі нұсқаулық бекітілген, бірақ ол тек ұсыныс сипатында. Құжат шетелдік AI қызметтерін, оның ішінде ChatGPT-ті пайдалануға тыйым салмайды, алайда жеке деректермен және құпия ақпаратпен жұмыс істегенде қауіптер туралы ескертілген.