Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары қатынайды.

Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары қатынайды. Бұл көлік түрлерінің саны желтоқсанның 13-нен бастап 2025 жылғы қаңтардың 9-ы аралығына дейін артады. Көлік министрлігі осылай деп хабарлады. Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы түрлі бағыт бойынша 43 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік беретін қосымша пойыздарды іске қосады. Жоғары сұранысқа ие бағыттарға 688 қосымша вагон тіркеледі. Пойыздар стандартты купе және плацкарт вагондарынан құралады. Қаламаңы бағыты бойынша қосымша электр пойыздары да шығарылады. Олар – «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана – Боровое курорты» және «Павлодар – Астана – Боровое курортына» қатынайтын электр пойыздар. Теміржол билеттерінің құны еш өзгеріссіз қала береді, тариф өспейді.