Министр “Абай” шахтасындағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 7 қарашада Қарағанды облысында “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты шахтадағы метан бөлінуінен болған апат салдарынан алты адам қаза тапқан қайғылы оқиғаның жай-жапсарын айтып берді. “Көмір кенішінде жұмыс тоқтатылды. Қазір мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Тексеріс нәтижесінде шахтада 8 мың текше метрден астам метан шығарылғаны анықталды. Біз метанды анықтау датчиктері іске қосылған кезде концентрацияның 41 пайыздан астамы күрт өскені байқалды. Үйіндіде метан мен 100 тоннаға жуық тау-кен массасы болды. Бүгінде үйінділерді тазалау жұмыстары жалғасып жатыр. Инспекторлар тау-кен жұмыстарына қатысты қауіпсіздік талаптарының жүйелі түрде бұзылуын және басқа да бұзушылықтарды анықтады”, – деді Ильин сенаттағы үкімет сағатында.