Министр Арман Шаққалиев маркетплейстердегі баға Қазақстанда жаңа ережелер қабылданғаннан кейін өсе ме деген сұраққа жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, Wildberries, Ozon, Temu және Pinduoduo сияқты шетелдік онлайн маркетплейстерге тіркелу міндеттелетінін айтқан едік. “Бүгінде Қазақстанның әр түкпірінде орналасқан Wildberries пен Ozon бәсекелес болып отыр. Сарапшылардың болжамынша баға 15% өзгеруі мүмкін. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған онлай дүкедерде баға көтерілмейді. Баға, әрине, әдеттегідей өзгеруі мүмкін, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Бүгінде Қазақстанда Temu және Pinduoduo сияқты маркетплейстер тіркелмеген. Олардың әлі ресми өкілі жоқ. Баға өспейді, оларда тауар, желі, баға саясаты бар, ол бұрын қалыптасып қойған”, – деді Сауда және интеграция министрі Шаққалиев үкімет отырысында.