Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды”, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін президент бірқатар министр мен әкімге сөгіс жариялады. Оның ішінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевқа да ескерту жасады.