Алексей Цойдың айтуынша, олар – Моңғолия, Венгрия және Таиланд елдері. Сонымен қатар, Түркия мен Кипр елдері барлық елдің вакцинасын мойындайтындарын мәлімдеген. Қазір сыртқы істер министрлігі барлық серіктес елмен біздегі вакцина паспортын мойындау жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Дегенмен еліміздің кез келген азаматы ПТР тестін тапсыру арқылы шетелге бара алады. Егер ПТР тестіңіз теріс нәтиже көрсетсе, шетелге шыға аласыз, – деді Цой.