Министр елордада салынып жатқан Ұлттық спорт университеті құрылысымен танысты

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі оқытудың толық циклын жүзеге асыратын Ұлттық спорт университеті құрылысының барысымен танысты. Бұл ретте колледжде бір уақытта 500 – ден астам адам, ал ЖОО-да-2000-нан астам бакалавриат студенттері, 60 магистрант және докторанттар оқи алады. Қазіргі уақытта 1-ші кезектегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл көпфункционалды спорт кешені, трибунасы және трубунадан тыс бөлмелері бар стадион, жүзу бассейні, жеңіл атлетика манежі, колледж және 500 орындық колледж жатақханасы. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Екінші кезеңде университет ғимаратының құрылысы басталады.