Министр мобильді аударымдарға қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл ретте министр қарапайым халықтың аударымдарына ешкім тиіспейтінін айтты. “Халық тарапынан алаңдаушылық болмауы керек. Себебі азаматтардың қолданып жүрген карта шоттары сақталады, күнделікті өзара ақша аударымдарына ешқандай нұқсан келмейді. Яғни, бүкіл процесс сол күйі қалады. Біз мобильді аударымдарды фискализациялау үшін ғана жаңа өзгерісті біртіндеп енгіземіз”, – деді министр. Жамаубаевтың айтуынша, Қазақстанда сегіз айда мобильді және интернет арқылы жүргізілген аударымдар мен төлемдер жалпы сомасы 36 триллион теңгені құраған.