Министр Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді

Министр Саясат Нұрбек ғылыми жұмыстар мен диссертация жазғанда жасанды интеллект қолдану ережесін түсіндіріп берді. «Магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат береміз. Тек бір шартпен – міндетті түрде «Бұл мәтін ЖИ көмегімен жасалған» деп көрсету керек. Сонда бағалаушы оқытушы студенттің ЖИ-ді қалай қолданғанын қарайды», – деді Ғылым министрі елордада өткен Тамыз саммитінде.