Министрі әскерилердің коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы айтты

Қазақстан әскери күштері коронавирустың екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Covid-19 екінші толқыны аясында армиядағы ресурстардың дайындығы қамтамасыз етілді. Пандемия кезеңінде іске қосылуы мүмкін арнайы техниканы, авиацияны және әскери медициналық мекемелерді қоса алғанда, РХБҚ (радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау – Sputnik) әскерлерінің күштері мен құралдарының есебі жүргізілді”, – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Айта кетейік, наурызда Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Әскери қызметкерлер, ұлттық ұлан жауынгерлері мен әскери дәрігерлер блок бекет пен стационарлардағы жұмыстарға, көшені патрульдеуге жұмылдырылды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ел бойынша 400 блок бекетте 52 мыңға жуық адам жұмыс істеді.