Министрлік қазақстандықтарға үйде отыруға үндеді. Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вирусының алғашқы белгілері пайда болса, үйден шықпай учаскелік дәрігерден кеңес алып, мемлекеттік қызмет түрлерін электронды үкімет порталынан алуға кеңес береді.
Қоса кетсек, бүгінде Қазақстанда 49 683 адамнан коронавирус анықталы. Оның ішінде 16 183 науқас дертінен айықса, 264 адам қайтыс болды.