Министрлік балағат айтқан оқушыларға айыппұл салуға қатысты ұстанымын білдірді

Министрлік балағат айтқан оқушыларға айыппұл салуға қатысты ұстанымын білдірді. Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев кез келген жазалау шараларына қарсы екенін жеткізді. «Егер де біз үнемі жаза арқылы тәрбиелейтін болсақ, бұл дұрыс болмайды. БАҚ материалдары арқылы көптеген адам бірден «жұмыстан шығару керек, жазалау керек» деп кесіп айтып жатады. Оның кесірінен де кейбір мұғалімдер мен директорлар заңсыз жұмыстан кету мен әділдетсіздікке ұшырап жатады. Сондықтан қоғам жазалаудан алыстауы керек. Тәрбие, түсіндіру арқылы гуманистік көзқарасқа келуі керек. Біз журналистермен бірігіп қоғамға соны жеткізуіміз керек», – дейді министр Бейсембаев.