Министрлік әйелдердің зейнет жасына қатысты президент бастамасын түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі президент жолдауындағы әйелдердің зейнет жасына қатысты бастамаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кешегі жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде ұстап тұруға тапсырма берген. Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, осы бастама келесі жылдан бастап күшіне енеді. Осылайша, әйелдер бес жыл бойы 61 жаста зейнетке шыға алады.