Бір миллионнан астам қазақстандықтың шотына азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 АЕК (5556 теңге) мөлшерінде ақша аударылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еңбек министрлігі шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақша төлеуді көздейтін бұйрық әзірлеп, қабылдады.
“Осы жылдың 20 шілдесінен бастап айдың соңына дейін қазақстандықтардың банк картасына төлем жіберіледі”, – делінген ведомствоның ресми сайтында.
Азық-түлікке төленетін ақшаны 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде тізім жасайды. Содан кейін шілде айына төлем алушыларға 2 АЕК (1 АЕК – 2778 теңге) немесе 5556 теңге мөлшерінде қаражат жіберіледі.