Министрлік өмірден өткен дәрігерлерді еске алды. Ведомство коронавирустан қайтыс болған ақ халаттылардың аты-жөнін жариялады.
“Қатыгез, әлі зерттелмеген бұл індеттен қайтыс болғандардың саны 375-тен асты, олардың қатарында медицина мамандары – провизорлық, жұқпалы, карантиндік және модульдік стационарлардың қызметкерлері бар.
Бұл еліміз бен отандық денсаулық сақтау саласы үшін үлкен, орны толмас шығын. Марқұмдардың әрқайсының адам, кәсіби маман, азамат ретінде орны бөлек еді” делінген министрліктің хабарламасында.