Министрлік отандық АЭС-те апат болған жағдайда кім жауапты болатынын айтты. Апат және ядролық залалдың ықтимал жағдайында азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясы аясында қадағаланады, – деді атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова. Ең алдымен, оны пайдаланумен айналысқан атом станциясының операторы жазаланады. Содан кейін лицензия берген тиісті қадағалау бақылау органы. Мемлекеттің өзі және технология жеткізушісі де жауапты. Соңғысы өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдік беруге тиіс. Бүгін Астанада елімізде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдауда осындай мәселелер талқыланды.