Министрлік пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарудың жаңа тетіктері туралы айтты

Ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімі екі жылдан бір жылға дейін қысқартылды. Енді нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау тексерісін жүргізу талап етілмейді және заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда сотқа жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап жолданады. Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау тетігі космомониторинг арқылы енгізіліп жатыр. Бүгінде пайдаланылмай жатқан жерлердің ең көп ауданы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына тиесілі.