Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы осылай деп мәлімдеді. Төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді. Қосымша ақпар, су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған педагогтер үшін аттестаттаудан өту келер жылға ауыстырылады.