Ол – 99 726 теңгеге тең. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің желтоқсандағы мәліметінше, елдегі зейнеткерлер саны 2 миллион 233 мыңға жетті. Осы жылдың қаңтар-қарашасында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 триллион 696,4 миллиард теңге бағытталған. Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға жеке тағайындалады.Қосымша ақпар, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызына тең болады. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады. Міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.