Министрлік зейнетақы жинағынан қаражатты қалай алуға болатынын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап алуға болады.
Салымшы ол ақшаны тұрғын үйге қатысты мәселелерге немесе ем алуға жұмсауға құқылы. Әр жастың өз “жеткіліктілік шегі” болады. Адамның жасы ұлғайған сайын оның БЖЗҚ шотындағы ақша да көбеюі керек. Зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде сома бойынша белгілі бір шектеулер қойылмайды.