Министрліктер Қытайға жер беру жайындағы қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады

Министрліктер Қытайға жер беру жайындағы қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы мақсатында кең көлемде жер телімдерін беруді жоспарлап отыр деген ақпарат тарады. Сыртқы істер министрлігі “Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы үшін жер беріп жатыр” деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. “Бұл – фейк ақпарат. Әлеуметтік желі қолданушыларын ескертеміз. Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік қарастырылған. Тек ресми дереккөздерге сенім артыңыздар”, – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі. Ауыл шаруашылығы министрлігі де бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Комитет жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Қытай Халық Республикасына жер беру туралы қандай да бір ақпараты жоқ екенін хабарлады.