“Яндекс платформасында 150 мыңға жуық қазақстандық жұмыс істейді. Бұл адамдар әлеуметтік қорғаудан шет қалады. Олар такси компаниялары арқылы тіркелетіндіктен, тиісті салықтар мен аударымдарды төлемейді. Мемлекет үшін осындай платформаларда табыс табатын азаматтарды қолдау шараларын әзірлеу маңызды. Біз жүргізушілерге мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін платформаға тікелей тіркелу мүмкіндігін беруді ұсындық”, – деді цифрлық даму министрі. Айта кетейік, “Яндекс” қазақстандық 63 такси компаниясымен жұмыс істейді.