Нұр-Сұлтан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі осындай эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Қазақстанның екі облысы мен бір қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймаққа Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары енді. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта орналасты.