Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарды қонаққа және отбасылық мейрамдарға барудан бас тартуды өтінді. Бұл туралы елорда басшысы Instagram парақшасында жазды.
“Қонаққа барудан және отбасылық мерейтойлардан, сонымен қатар адамдардың көптеп топталып жиналуынан бас тарта тұру қажет. Қалада отбасылық індет ошақтары тіркелді. Бір адам отбасының бүкіл мүшелеріне – қарт ата-анасына, балаларына, жұбайына жұқтырып алды. Қалада инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз. Індет тарай беретін болса, қатаң карантин режиміне оралуға мәжбүр боламыз”, – деді елорда әкімі.