Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 1995 жылы туған қыз жедел жәрдеммен 1-ші қалалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.
“Ауруханаға түскен кезде ауа жетпей, дене қызуы көтерілген, өзін әлсіз сезінді”, – деді денсаулық сақтау басқармасы.
Пациентте ауыр дәрежедегі екіжақты полисегментарлы пневмония болды. Дәрігерлер қанша тырысқанмен, науқас 25 маусымда қайтыс болды. Оның ақзасында коронавирус болып-болмағаны белгісіз. Сынама қорытындысы әлі шыққан жоқ.