Нұр-Сұлтанда қызды зорлағысы келген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Байқоңыр ауданында Ұлан жасағына әйел келіп, 25 жастағы қызын белгісіз ер адам зорлауға тырысқанын айтқан. Қыз қорыққаннан айғайлаған, ал ер адам үйлердің арасында аулада бой тасалаған. “Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері мен полиция қызметкерлері 20 минут ішінде күдіктіні ұстады. Ол Ақмола облысының 48 жастағы тумасы болып шықты”, – деді Ұлттық ұлан өкілдері. Зардап шеккен қыз күдіктіні таныды және ол Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілді.