Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар. Осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін алғашқы 36 медициналық-санитарлық көмек ұйымында вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.”Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді”, – дейді департамент өкілдері.