Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жеңіс даңғылындағы жол төсемін жөндеу жұмысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты биыл 15 мамырдан 10 маусымына дейін Жеңіс даңғылының Бөгенбай батыр даңғылынан Ілияс Есенберлин көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады. Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарын жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға және қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін өз қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.