Елордада «102» арнасына Бетон зауытының аумағында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті хабарлады. «Төбелес салдарынан екі ер адам пышақ жарақатын алып, салдарынан екеуі де көз жұмды. Полиция қызметкерлері қаза тапқандардың жеке басын анықтады. Олар Қызылорда облысында туып өскен 39 және 44 жастағы ер адамдар болып шықты», – делінген хабарламада. Сонымен қатар ауруханаға 24 жастағы жігіт атыс жарақатымен жеткізілген. Жанжал қарыз міндеттемелерінің салдарынан туындаған. Тергеу амалдары жүргізілуде.