Енді елордада жылу энергиясын тарату және бөлу тарифі төмендетілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Ал «Астана Тепло-транзит» мекемесіне 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қаладағы табиғи монополияларды реттеу департаменті компанияның тарифтік саясаты мен инвестициялық бағдарламасына талдау жасады. Тексеру қорытындысы 2016 және 2020 жылдар аралығында мекеменің 77 млн теңге заңсыз кіріс тапқанын анықтады. Осыған байланысты «Астана Тепло-транзитке» айыппұл салынып, тұтынушылар үшін тарифті уақытша төмендету тапсырылды. Жылу ақысы жыл соңына дейін 12 теңге болып бекітілді.