Жамбыл облысындағы әскери қойманың жарылуына байланысты қызметінен кеткен Нұрлан Ермекбаевтың орнына Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілігі таратты. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі қызметін атқарған Нұрлан Ермекбаевтың Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойма жарылғаннан кейін отставкаға жіберу жөнінде өтінішін қабылдаған. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 15 адамға жетті. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатқаны, апаттан 98 адам жараланғаны хабарланды.