Наурызда қазақстандықтар 12 күн демалады

19 күн жұмыс істейді. Биыл 8 наурыз дүйсенбіге тұспа-тұс келеді. Сондықтан бұл мерекеде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 3 күн – 6, 7, 8 наурыз демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 7 және 8 наурыз болады. Одан бөлек, 22 Наурыз мерекесіне орай халық 20, 21, 22, 23, 24 наурыз аралығында 5 күн демалады. Содан жұмысқа 25 наурыз бейсенбіде шығады.