Бұл ақпанмен айымен салыстырғандағы көрсеткіш деді денсаулық сақтау министрі. “Наурызда тәулігіне 1800-ге жуық науқастан коронавирус анықталып келді. Сәуірдің бес күнінде 9 983 жағдай тіркелді, күніне 2 мың адамға дейін ауырып жатыр”, – деді Цой үкімет отырысында. Оның айтуынша, науқастар санының артуы ұлыбританиялық және оңтүстікафрикалық штамдардың айналымымен байланысты. “Аймақ әкімдері төсек-орын мен жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадаларды дайындау бойынша шаралар қабылдауы қажет”, – деді ведомство басшысы.