АҚШ президенті Джо Байден Алексей Навальный түрмеде өлсе, Ресейдің басқа елдермен де қарым-қатынасы бұзылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости. Америка басшысының сөзінше, ресейлік оппозиционер өлетін болса бұл Ресейде адам құқығы сақталмайтынының тағы бір дәлелі болады. “Бұл трагедия болады”, – деді Байден Брюсселде өткен баспасөз конференциясында. АҚШ президентінің сөзінше, “бұл басқа елдермен қарым-қатынасқа да кері әсерін тигізеді”. “Менімен де”, – деді Байден. Айта кетейік, бүгінде Навальный колонияда. Ол үйқамақта жатқан бір жылын ескергенде жалпы режимдегі колонияда 2,8 жыл болады.