Назарбаевтың денсаулығына байланысты мәлімдеме жарияланды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының жағдайы туралы айтты.

“Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезінеді, ауру белгілері жоқ. Дене қызуы тұрақты, коронавирус инфекциясына тән белгілер байқалмайды. Қазақстанның тұңғыш президенті дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ”, – деді баспасөз хатшысы.

Үкібайдың айтуынша, коронавирус жұқтырғаны белгілі болған күннен бері Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, ол Назарбаев жеделхаттар мен хаттардың бірін қалдырмай оқып жатқанын атап өтті.

“Нұрсұлтан Назарбаев үшін бүкіл хат қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың жылы, ізгі тілегі тұңғыш президентке күш береді”, – деп жазды Үкібай Twitter-де.