Үндістанның 15-інші президенті болып Ұлттық-демократиялық альянсынан кандидат, 64 жастағы Драупади Мурму жарияланды. Ол Үндістан президенттігіне сайланып отырған екінші әйел. Ал елді басқарған алғашқы әйел Пратибха Патил (2007-2012 жылдары) болды. Драупади Мурму ел президенті ретінде 25 шілдеде ант береді. Мемлекеттің іс басындағы басшысы Рам Натх Ковиндтің өкілеттік мерзімі 24 шілдеде аяқталады.