Үндістанда белгісіз дерттің таралу себебі анықталды

Үндістанда белгісіз дерттің таралу себебі анықталды. Елде су мен сүттен қорғасын және никель табылды. Металдар онда қайдан пайда болғаны белгісіз деп хабарлайды РИА Новости. Өткен жексенбіде Элуру қаласында тараған аурудың сиптомдарына үш-бес минуттық эпилепсия, есте сақтау қабілетінің жоғалуы, әлсіздік, бас ауруы және арқадағы ауырсыну жатады. Жұмбақ аурудың себебі туралы толық ақпарат орталық департаменттер өз есептерін ұсынғаннан кейін ғана белгілі болмақ. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, дерттен барлығы 505 адам зардап шеккен, 370-тен аса адам аурудан айыққан. Тағы 120-сы ауруханада емделіп жатыр.