Үндістанның бюджеті төмен IndiGo лоукостері Қазақстанға әуе рейстерін іске қосады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. “Үндістанның IndiGo бюджеті төмен әуе компаниясы 2023 жылғы 15 тамыздан бастап Дели – Алматы бағыты бойынша Қазақстанға рейстерді бастауды жоспарлап отыр”, – делінген хабарламада. Рейстер аптасына 3 рет орындалады. Жолаушыларды А-320 және А-321 типті ұшақтар тасымалдайды. Ведомствоның ақпаратынша, IndiGo әуе акомпаниясы – Үндістанның ең ірі бюджеті төмен тасымалдаушысы