Норвегияда 23 адам Pfizer вакцинасынан қайтыс болды. Бұл туралы Норвегияның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Pfizer/BioNTech вакцинасын қабылдағаннан кейін бақилық болғандардың барлығы 80-нен асқан адамдар. Бәрінде созылмалы ауруы бар болған көрінеді. Ұлттық денсаулық сақтау институты енді егде жастағылардың екпе қабылдау тәртібіне өзгеріс енгізбек. Айта кетейік, Норвегияда халықты жаппай вакциналау науқаны 27 желтоқсанда басталды. Аталған препаратты бірінші болып қарттар үйінің тұрғындары қабылдаған еді.