Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде Nur Otan партиясының атауын “Аманат” деп өзгерту туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Партия атауын өзгерту туралы ұсынысты мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасаған болатын.