Алматыда мерседес жүргізушісі итті айналып өтемін деп қызды қағып кетті. Қайғылы жағдай Айша бибі көшесінде болды. С класс жүргізушісінің сөзінше, оның алдынан ит жүгіріп шыққан. Оны қағып кетпеу үшін ол рөлді шетке бұрған. Бірақ кейін көлікті басқара алмай, қызды қағып кеткен. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Соққының қатты болғаны соншалық, қызды бірнеше метрге ұшырып жіберген. Ал ырыққа көнбеген мерседес қарсы бағыттағы автокөлікке, ағашқа және газ құбырына соғылып барып аударылған – деп хабарлады Закон кз.